Home >> ПОЛИТИКА >> Ердоған, өзіне қарсы өзі төңкеріс жасаған
Ердоған, өзіне қарсы өзі төңкеріс жасаған

15 Шілдедегі төңкеріс жасамақ болған әрекет жайлы НАТО ның тұжырымы

Норвегияның алдыңғы қатарлы хабар сайтында НАТО ның 15 Шілдедегі жағдайға көзқарасы жарияланды: Түркия президенті Ердоған өзіне қарсы өзі төңкеріс жасауды жоспарлаған.

Норвегияның алдыңғы қатарлы хабар тарататын сайттарының бірі Aldrimer.no 15 Шілдедегі оқиғаға байланысты NATO ның қалай қарайтынын жазды.

Kjetil Stormark атымен жазылған хабарда «NATO дағы басым көзқарас мынау: Түркия президенті Ердоған төңкерісті өзіне қарсы өзі жоспарлады» делінді.

Норвегия сайтында жарияланған хабарда былай делінген:

Aldrimer ге пікір білдірген NATO ның жоғарғы деңгейдегі шенділері Ердоғанның 15 Шілдеде төңкерісті өзі ұйымдастырғанына сенетіндіктерін айтқан. Алайда бұл өте бір ерекше мәселе болғандығы себепті NATO да бұған қатысты қандай да бір жазбаша мәтін әзірленбегендігін білдірді. Бұған себеп ретінде NATO мүшесі мемлекеттердің барлығының ынтымақты түрде жиналған құпия мәліметтерге қол жеткізу құқына ие екендігі көрсетілді.

 1600 адамның есімі дайын тұрған
Дегенмен NATO дағы басым көзқарас анық:

Жоғарғы деңгейлі шенділер үш не төрт жұлдызды генералдар 30-40 жылдан бері Түркиямен бірге жұмыс жасап келе жатқан әрі 4-5 жылдан бері түрік басшыларына кеңес беретін NATO мекемелері расында бір төңкеріс болғандығына сенбегендіктерін айтуда. NATO ға қарайтын бір мекемеміз. “Егер Түрік қарулы күштері бір төңкеріс жасағысы келсе, мұны міндетті түрде жасар еді. Бұл өзі Түркияда қалыптасып қалған дағды” деді “Қарулы күштерден шығарып жібергісі келген 1600 кісінің есімдері төңкеріске бір күн өте салысымен қолдарында еді” деді.

 1 жылдық дайындық
Сенімді дереккөздері бойынша NATO да қызмет жасайтын түрік қызметкерлердің 80-90 пайызы жұмыстан шығарылды. NATO бойынша елге қайтуға батылы жеткендердің көбі түрмеге қамалды, бірқатары өлім құшты.

“Қазіргі уақытта NATO мен байланыстағы түрік басшылар Ердоғанның осы сөз жүзіндегі төңкерісті 1 жылдан бері жоспарлағанын, жұмыстан қуғысы келген адамдардың аттары қолдарында болғанын айтты” деген NATO дереккөздері “Қазірге дейін мұның шын мәніндегі төңкеріс екеніне сенген адамды көрмедім» деген.

 Нарцист ретінде аталуда
NATO мен бірге жұмыс істейтін бір мекеме Ердоғанды «нарцист» деп атады.

 Aнкара үнсіз
Aldrimer.no ға NATO Жалпы хатшысы Stoltenberg тақырыпқа қатысты пікір айтудан бас тартты. NATO ның баспасөз офисі де “15 Шілдедегі төңкеріс жасамақ болған әрекеттің артында кім тұр?” деген сұраққа жауап айтпады. Енді бір жағынан Ердоған кабинеті де «Ердоған бұған не дер екен» деген сұраққа да жауап айтпауда.

Дереккөзі: http://yenihamle.com/2017/03/01/natonun-15-temmuz-yorumu-erdogan-kendi-kendine-darbe-yapti/

the author

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Top