Голландия мемлекеттік телеканалы NOS, Голландия үкіметінің, Түрік лауазымды тұлғаларының 11 наурызда Роттердам қаласында өткізуді жоспарлаған “Конституция референдумы митингісіне” рұқсат жоқ екенін мәлімдеді.
Reuters хабар агенттігі де Голландия үкіметінің бұл шараны құптамайтынын Анкараға хабарлайтынын жеткізді.
Голландия премьер-министрі Mark Rutte де бүгін Facebook парақшасынан мәлімдеме жасап, Түрік лауазымды тұлғаларынан референдум митингісі үшін ресми сұраныс келгенін, бірақ бірге әрекет етуді ойламағандықтарын жеткізді.
Роттердамда 11 наурызда өткізілуі жоспарланған шараға Түркия Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлу да қатысады деп күтілуде.
Rutte мәлімдемесінде «Бұл шараны құптай алмаймыз. Голландияның мемлекеттік орындары басқа елдің саяси үгіт орыны бола алмайды» деп жазды.
Голландиялық түріктерден құралатын бір ұйымның төрағасы Түркия Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлуның 11 наурыздағы митингіге қатысатынын жеткізген болатын.
Бір жағынан, Германияда әуелі Әділет министрі Бекир Боздағтың, артынша Қаржы министрі Нихат Зейбекчинің қатысуы жоспарланған жиналысқа рұқсат берілмеуі Түркия мен Германия арасындағы текетіресті ушықтырып жіберді.
Түркия-Германия текетіресі: Эрдоғанның «лаңкестікпен» айыптауы
Түркия мен Германия Сыртқы істер министрлері соңғы уақыттарда ушыға тсүкен шиеленістерді талқылау үшін 8 наурызда бас қосады.