Әділет және Даму партиясы басшыларының 16 Сәуірде жүзеге асатын Атазаңға қатысты референдум қарсаңында Европада ұйымдастыруды жоспарлаған кейбір шараларының болмай қалуынан кейін басталған әрі өзара түсіндірмелер мен процестер арқылы арта түскен кикілжің жайын сөз еткен New York Times қызметкері Patrick Kingsley Түркия мен Европа қатынастарының құлдырауға бет алғанын айтты.
Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлуна ұшып келуге рұқсат етілмеуінен кейін пайда болған дүрдараздық кезінде жай кезде түрлі көзқарасқа ашық әрі байыппен қарайтын Голландияның әдеттен тыс мінезге барғанына назар аудартқан Kingsley бұның себебі елде Сәрсенбі күні өтуі тиіс әрі күн тәртібінде тұрған сайлау екенін білдірді.
“Әділет және Даму партиясы Сәуірдегі сайлауда дегеніміз іске аспай қала ма деп қорқуда». Түрік министрлердің заң керісінше айтса да Ердоғанның күшін арттыратын өзгерістерге «Иә» деуі мәселесінде Европадағы түрік диаспорасын көндіру әрекетін Сәуірдегі сайлаудан «Жоқ» деген нәтиже шыға ма деген қорқыныштан туғанын айтқан Kingsley бұл науқанның Голландия мен Франциядағы сайлау күн тәртібінде маңызды орны бар әсіре оңшылдардың реакциясымен кезіккендіктерін білдірді. Kingsley мақаласында былай деді:
“Әділет және Даму партиясының науқаны оң қанаттағы саясаткерлердің түріктермен болатын дүрдараздықты қоздыра түсуден саяси ұпай жинайтын Голландия мен Франциядағы таңдаулармен қақтығысты. Бұған қоса дауыс алу өтініші Түркияның демократиядан алыстағанына қатысты Европада паниканы артып, паналаушылармен үйлесім құру мәселелеріне қатысты алаңдаушылық артып тұрған кезге тұс келді».
“Түркиямен дүрдараздық Голландиялық саясаткерлердің ісіне жарайды”. Дүрдараздық артқанда Дания үкімет басшысы Lars Lokke Rasmussen тің түрік әріптесі Бинали Йылдырыммен болған кездесуін кейінге қалдырғанын, Әділет және даму партиясы басшысы көмекшісі Мехди Екердің Швейцариядағы кездесу орнының өзгергені, Францияда François Fillon мен Marine Le Pen нің Чавушоғлуның елге келуіне рұқсат етуге қарсылық танытуы және Швейцариямен Австрияның болса бұрыннан Ердоғанның науқанына жылы қарамағанын естігенін еске салған Kingsley дің мақаласы былай жалғасқан:
“Голландияда әрі консервативті үкімет басшысы Mark Rutte әрі оның әсіре оңшыл қарсыласы Geert Wilders келіспеушіліктен ұпай ұтуды көздесе де, дәл қазір қайсысының мәнді ұту болатыны белгісіз. Сайлау Сәрсенбі күні әрі тақырыпты алғаш рет қоғамға естірткен Wilders немесе түрік министрлердің кірісуіне жол бермеген Rutte бұдан табысқа кенелетін болады.
“Rutte лидерліктің қандай болатынын көрсете алады”
Kingsley ге сөйлеген BKB дан саясаткер стратег Bianca Pander үкімет басшысы болуы себепті әуелгі табысқа Rutte кенелетінін білдіріп, “Енді лидерліктің қандай болатынын көрсетуі мүмкін» деді. Үкімет басшысының дүрдараздықтың бір нәтижесі болған БАҚ қа шыққандығын да пайдаланғандығын айтқан Pander “Rutte енді қызды. Барлық теледидар бағдарламалары мен газеттерден түспеуде» деді.
“Ердоған ұлтшылдардың қолдауын алу үшін Европамен кикілжің шығарды». Екі ел арасында болған дүрдараздықтың ішкі күнтәртібіне ықпал етуінің өзара бір жағдай екеніне назар аударған Kingsley ұқсас сындардың Түркиядан да айтылғанын білдірді. Референдум нәтижелеріне қатысты белгісіз күйдің «Ердоғанның ұлтшылдардың қолдауын алу үшін Европамен кикілжің тудырды» деген тұжырымдарға себеп болғанын білдірген NYT журналисі әрі ғалым Женгиз Чандардың да тақырыпқа қатысты мына көзқарастарына орын берген:
“Бүгінгі Түркия сыртқы саясаты Сириядан Голландия мен Германияға дейін ішкі саяси күн тәртібімен байланысты. Дәл қазір түріктің сыртқы саясаты дейтіндей саясат жоқ. Түріктің сыртқы саясаты Ердоғанның референдум науқанына байланған”.
“Мақсат массалық диаспора емес, үйдегілер”
Европамен артқан дүрдараздықтың себептерінің бірі MHP (Ұлттық халық партиясы» мүшесі болып табылатын халыққа ықпал ету болуы мүмкін деген Kingsley Англядағы King’s College Лондонда түрік диаспорасын қарастырған Alexander Clarkson ның “Мақсат масса емес, негізгі тыңдаушылар үйде» деген көзқарасын жеткізді. Дүрдараздық кезінде жүгінген ащы тілдің де осы мақсатқа үйлесіп тұрғанын айтқан Clarkson “Бұл Ердоған мен Әділет және Даму партиясының «Біз шетелдегі түріктерді қорғау үшін сондамыз» деген ойды айтуына мүмкіндік туғызады» деді. Европаны сынаған Ердоғанның елінде жасағандары себепті «екіжүзділікпен» сыналғанын айтқан NYT журналисі 15 Шілдедегі төңкеріс жасамақ болған әрекеттен кейін Түркияда орын алған бақылау, тұтқындаулар, жауапқа тартулар және жұмыстан қууды еске түсіріп, журналист Чандардың мына сөзімен мақаласын аяқтады: “Oл 150 ден астам журналисті, қарсылас жазушыны, саясаткерді түрмеге қамаған елдің президенті. Мәжілістегі ең үлкен 3 партияның лидерлері мен 12 депутат та түрмеде. Tүркия үрей толған мемлекетке айналды”.
Touche. Solid arguments. Keep up the good effort.
Hey There. I discovered your blog the use of msn. This
is an extremely smartly written article. I will be sure to
bookmark it and come back to read more of your useful information. Thanks for
the post. I will certainly comeback.
Thanks for ones marvelous posting! I really enjoyed reading it, you can be
a great author. I will ensure that I bookmark your blog and will often come back very soon. I want to encourage one
to continue your great writing, have a nice weekend!